Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әшімбаевтан "от алған" орыс тарихшысы "қазақта геноцид болмағанын" тағы қайталады

"Қазақстан тарихшыларының қандай дерекке негіздеп, тұжырым жасағанын түсінбедім. Қазгеноцидті "ғылымға айналдырып", өздерінің "бешбармақ ғылымын" жасауда", - деп кекетті ол.

Әшімбаевтан "от алған" орыс тарихшысы "қазақта геноцид болмағанын" тағы қайталады
фото: дереккөз

Ресей тарихшысы әрі жазушысы Дмитрий Верхотуров Spik.kz сайтына берген сұхбатында: "Қазақ халқына қарсы қасақана геноцид болған емес. Бұл - қазақ тарихшыларының ойлап тапқан идеологиясы", - деп соқты. Бұл туралы paryz.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Еске сала кетсек, орыс тарихшысының жақында "Казахский геноцид", которого не было" атты кітабы жарық көрген еді.

"Қазақстандағы ашаршылық жайлы жазылған кітаптың бәрін ақтарып шықтым. Бірақ бұл мәселені ақылмен қарастырып, парасатты ой айтқан бірде-бір тарихшыны көрмедім. Қазақ тарихшыларының жазғаны - кілең Кеңес үкіметін айыптау мен жала жабу ғана. Зерттеушілердің Сталин дәуірін, сол заманды тануға, зерттеуге білімі мен білігі жетпейтіні анық байқалады. КСРО-ның шаруашылық тарихын зерттеудің өзіне мен 20 жыл уақытымды сарп еттім", - дейді Верхотуров.

Тарихшы осыған дейін "Ашаршылык. История Великого голода" атты кітап жазған екен. Мұнда ашаршылық Кеңес үкіметі қасақана жасалған саясаты деп түсіндіргенімен, кейін бұл ойынан толық бас тартып, оны жоққа шығарған жоғарыдағы кітапты жазып шыққан.

"Тарихты қайта қарастыруыма тура келді. Өйткені мұрағат құжаттарын қарап жүріп мүлде басқа дерек пен фактіге тап болдым. Содан ойымды өзгертуіме тура келді", - дейді автор.

Верхотуровтың айтуынша, Қазақстанда болған ашаршылықты "Кеңес билігі емес, қазақ байларының өзі ұйымдастырған".

"Менің тұжырымым былай: ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда зұлмат күрес пен аласапыран өзгеріс болып жатты. Бай мен коммунисттер арасында қырғи-қабақ өршіді. Бұл дәуірдің басты үш кейіпкері бар: олар – бай, коммунисттер және "қызыл қазақтар". Бай да, коммунисттер де қазақты өзіне тартқысы келді. Ол үшін қолдан келгеннің бәріне барды. Содан байлар қызылдар қатарына өтіп кеткен қазақ кедейлерін, жарлы-жақыбайларын жазалау үшін малдың бәрін тартып алған. Ашаршылық содан болды", - дейді тарихшы.

Бұдан кейін орыс зерттеушісі қазақ тарихшыларын сынап-мінеуге кіріседі. Оның ойынша, "Қазақстан тарихшылары шындықты көпе-көрінеу бұрмалап, ашаршылықты Кеңес үкіметінің қазақ халқына қасақана жасаған геноциді ретінде көрсетуге тырысуда".

"Қазақ тарихшылары шындықтан қашқысы келеді. Сара Камерон мен Роберт Киндлердің зерттеуіне сүйеніп, дәлел келтіреді. Бірақ бұл зерттеушілер тарихи фактіні ойдан алып, қолдан жасаған. Оны мен дәлелдедім. Қазақстан тарихшыларының қандай дерекке негіздеп, тұжырым жасағанын түсінбедім. Қазгеноцидті "ғылымға айналдырып", өздерінің "бешбармақ ғылымын" жасауда", - деп кекетті тарихшы.

Тағы оқи отырыңыз: Дабыл: Ресей тарихшысы "Қазақта геноцид болған емес" деген кітап жазды

"Ашаршылық тақырыбын саясиландырмаған абзал" - Мәулен Әшімбаев

"Ашаршылықты саясиландырмайық" деген Әшімбаев ақталған сыңай танытты (ВИДЕО)

Ал Қазақстанда қоғам белсенділері орыс тарихшысының бұл кітабын сатылымнан алдырып тастады.