Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дабыл: Ресей тарихшысы "Қазақта геноцид болған емес" деген кітап жазды

"Ол біздің әруақтарымызға түкіргенімен тең. Яғни шовинизмнің басы қайта көтеріліп жатқанын дәлелдейді", - деді Мұхтар Тайжан.

Қазақстанда бұндай "кітап" пайда болғаны масқара жағдай. Бұндай ұрандар біздің ұлттық намысымызға тиеді, ол біздің...

Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Суббота, 23 января 2021 г.
Дабыл: Ресей тарихшысы "Қазақта геноцид болған емес" деген кітап жазды
фото: коллаж

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында ресейлік тарихшы Дмитрий Верхотуров жазған кітапты сынға алды. Себебі, автор кітап атауының өзін "Қазақта геноцид болған емес" деп қойған, деп жазды paryz.kz.

"Қазақстанда бұндай "кітаптың" пайда болғаны - масқара жағдай. Бұндай ұрандар біздің ұлттық намысымызға тиеді. Ол біздің әруақтарымызға түкіргенімен тең. Яғни шовинизмнің басы қайта көтеріліп жатқанын дәлелдейді. "Қазақта ашаршылық болған емес" дейді мына "автор"! Не деген сұмырайлық?! Әй, мәңгілік импотент идеологтар! Қазақты қорлайтын бұндай кітаптар пайда болғаны - сендердің кінәларың! Ашаршылық болмаса, 31 мамырды неғып атап өтіп жүрміз? Не үшін ескерткіштерді орнаттық?" - дейді қоғам белсендісі.

Алайда кітап ақпаннан бастап сатылымға шықпақ. Мұхтар Тайжан болса, Дмитрий Верхотуровты қазақтың намысын таптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Ал Ресей тарихшысының өзі "Қазақстанда аштық ұйымдастырған большевиктер емес, қазақтың өзінің байлары" деген пікірде.

"Кеңес үкіметін құрғысы келген топтың қатарына қосылып, өзіне бағынбай кеткен жалшы-жақыбайларды жазалау үшін байлар кедейлердің малы мен нанын тартып алды. Ал қазақ ұлтшылдары мұны мойындағысы келмейді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.