Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Басқармаға бандиттерді тағайындады...": шымкенттіктер Әйтеновтің кетуін талап етуде

"Әйтенов келгелі руластық белең алды", "Тіреуіші мықты ма? Шымкентке кім келіп, кім кетпеген..." дегендей қарсы пікірлерді қарша боратып жатыр.

"Басқармаға бандиттерді тағайындады...": шымкенттіктер Әйтеновтің кетуін талап етуде
фото: rgmedia.kz

"Халықтың үніне құлақ аспайтын әкім Әйтенов кетсін! Елбасының "Ашықтық", Президенттің "Естуші мемлекет" саясатына қарсы әкім!". Бұл – заңгер Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасына жазған жазбасы, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы, Шымкент қаласының қазіргі әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті жұртқа жақпай жүр. Оның әр қадамын сынап-мінеушілер көп. Әсіресе, әкімнің кемшіліктерін ең көп алға тартқан Айгүл Орынбектің жазбаларын құптай жөнелетін желі белсенділері бұл жолы да үнсіз қала алмаған.

"Айгүл ханым, сізге көп мәселе белгілі. Халық сырты жылтыр адам көрсе құлай кететін әдеті бар. Тоқаев карантин кезінде самокритика, яғни "Мен өз лауазымыма лайықпын ба?" деген сұрақ қоюлары тиіс деп еді, министрлер кабинетіне. Біздің министрлер мен әкімдер ондай қадамға бара алмайтыны адами қасиеттерінің төмендігінен деп білемін. Бұл жерде де осы сұрақты Әйтенов өзіне қойса екен", - дейді Жандарбек Айтжан.

Өздерінің айтуынша, жерлестік пен руластықтың көрігі қызып тұрған өңірге Мұрат Әйтенов өгей бала сияқты көрінеді екен.

"Басында жерлес бауырымыз келді деп қуанған едім, өзіміз ғой деп. Мұрат ағамызды түсінбедім. Басқармаға бандиттерді тағайындады. Басқа да тірліктері жетерлік болып кетті", - дейді Түркістан Саттарханов атты азамат.

Ал Балхадиша Адамова деген кісі оның белгілі әншілерді мемлекеттік қызмет төріне шығара бастағанына наразы. Мәселенің мәнісі "Әнді сүйсең, Әйтеновше сүй!" болып тұрған сияқты. 

"Қатырып, бітіріп жатқан ешқандай нәрсесі көзге көрінбейді. Өңкей әншілерді жинап, не істемек ойы бар екен? Кетсін, орнын босатсын! Бұндай әкімсымақтарға билікте орын болмау керек", - дейді ол.

Тағы оқи отырыңыз: Әйтеновтің командасы әншілерден құралатын түрі бар...

Атақтыларды жинай бастаған Шымкентте Мұхтархан да мектеп директоры болды

Әйтеновтің әншілері: Керімбекова да Шымкентке басшы болып барды

Сондай-ақ өзге желі қолданушылар да "Әйтенов келгелі руластық белең алды", "Тіреуіші мықты ма? Шымкентке кім келіп, кім кетпеген..." дегендей қарсы пікірлерді қарша боратып жатыр.