Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Шектеулердің көбі ақылға қонымсыз, 22.00-ден кейін вирус кенеттен "оянып" кете ме?" - Мәжіліс депутаты

Халық қалаулысы мониторингтік топтардың жұмысы шынайы жүргізілмейтініне ашулы.

"Шектеулердің көбі ақылға қонымсыз, 22.00-ден кейін вирус кенеттен "оянып" кете ме?" - Мәжіліс депутаты
Фото: ашық дереккөз

Мәжілісмендер мониторинг топтардың жұмысын қатаң сынап, оларды жою керек деген мәлімдеме жасады, деп мәлімдеді КТК арнасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Депутат Дания Еспаеваның сөзінше, мониторинг топтардың ісі шала әрі жемқорлық сипатқа ие. Бір жағынан санитарлық талаптың сақталуын полиция мен әкімдік емес, СЭС жүргізуі тиіс.

"Кодекске сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеруді СЭС жүргізуі тиіс. Алайда барлық жерде кәсіпкерлерді полиция мен әкімдіктер тексереді. Ал санитарлық дәрігерлер тек осы топтардың «хаттамалары» негізінде айыппұл жазады. Бұл ретте мониторинг топтардың өздері бетперде режимін сақтамайды, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзады, өз қалауынша объектілердің есігін бұзып залал келтіреді",- деді Мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

Халық қалаулысы мониторингтік топтардың жұмысы шынайы жүргізілмейтініне ашулы. Өйткені олар бір мекемелерді үнемі тексеріп, ал кейбір мекемелерді мүлдем тексермейді екен. Аталған топтарда барлық жауапкершілікті өзіне алатын лауазымды тұлға бекітілмейтін көрінеді. Тіпті қазір ешқандай мемлекеттік органға қарамайтын жалған топтар пайда болыпты. Ал олар кәсіпкерлерді тонап жатыр дейді Еспаева. Сонымен қатар депутат аймақтардағы бас санитар дәрігерлердің қаулылары қисынға келмейтінін айтты.

Тағы оқи отырыңыз: 

"Біздің елде вакцинаның пайдасын, зиянын неге түсіндірмейді?" - Сәуле Әбілдаханқызы

Алматыда дәрігерлерді ақысыз демалысқа жіберіп жатқаны рас па?

Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев сынды әншілер карантинге қарамастан тойда жүр (ВИДЕО)

"Әр аймақтың санитарлық дәрігерлері енгізген шектеулері бар, олар көбінесе ақылға қонымсыз. Мысалы, тамақтану орындары мен дүкендердің жұмысын 20:00-ден кейін тоқтату туралы шектеу енгізді, кей жерлерде 23:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал кейбір «қызыл» аймақтарда жұмыс істеу уақыты ұзағырақ. Сонда санитарлық дәрігерлер кафеде автобусқа қарағанда жұқтыру қаупі басым деп ойлай ма? Әлде 22.00-ден кейін вирус кенеттен «оянып» кете ме?", - деп кекетті Мәжіліс депутаты Дания Еспаева