Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев сынды әншілер карантинге қарамастан тойда жүр (ВИДЕО)

Видеоның карантинде түсірілгенін Сәкен Майғазиевтің ақжарма тілегінен аңғаруға болады.

Желіде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова және Жанболат пен Жазира сынды әншілердің тойда ән салып, сауық-сайран құрып жүрген видеосы тарап жатыр. Аталған фактіні мониторингтік топ зерттеуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Видеоның карантинде түсірілгенін Сәкен Майғазиевтің ақжарма тілегінен аңғаруға болады.

"Той тойға ұлассын!.. "Сәуір болмай тәуір болмайды" дейді. Ереке кешегі күннен бастап, сәуірден бастап, тәуір күндеріміз бастала берсінші", - деп ағынан жарылды Сәкен Майғазиев.

Алмалы ауданының мониторингтік тобы аталған фактіні зерттеп жатқандарын мәлімдеді.

"Қазір біз мекеме әкімшілігімен бірлесіп өткізілген іс-шаралардағы бейнематериалдардың архивін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді мониторингтік топ өкілдері.