Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Талап етеміз!": Кентауда да ереуілге шыққан жұмысшылар президентке үндеу жолдады

Ауыр жұмысқа жегілгендер айына 60-130 мың теңге аралығында жалақы алады екен...

"Талап етеміз!": Кентауда да ереуілге шыққан жұмысшылар президентке үндеу жолдады
фото: видеодан скриншот

Кентаудағы трансформатор зауытының жүзге тарта жұмысшысы ереуілге шықты. "Жалақыны көтерсін" деп талап қойғандар әлеуметтік желі арқылы президентке үндеу жолдады, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Құрметті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Түркістан облысының Кентау қаласында "Кентау трансформатор зауытының" жұмысшылары айлығын көтеріп беруді талап етеді... Талап етеміз! Талап етеміз!" - деді жұмысшылар.

Тағы оқи отырыңыз: "Жалақым - 90 мың!": Ақтөбе облысында кеншілер ереуілге шықты

Ақтөбе облысында мұнайшылар ереуілі жалғасып жатыр (ВИДЕО)

Енді Маңғыстау мұнайшылары көтерілді (ВИДЕО)

Ауыр жұмысқа жегілгендер айына 60-130 мың теңге аралығында жалақы алады екен.

"Соңғы уақытта табысымыз тіпті төмендеп кетті", - дейді жұмысшылар.

Өйткені еңбек демалысы мен сырқаттанған жағдайда берілетін өтемақыны толық бермей, сенбі-жексенбі және мереке күндері де жұмысқа жегеді екен.

"Қысым жасайтын басшылардан әбден зәрезап болдық" дегендердің шыдамы таусылған. Сондықтан кәсіпорын ішінде ереуілдетіп, жұмысты тоқтатып тастаған. Осыдан кейін ғана қателігін түсінген зауыт басшылары наразы топпен келіссөзге келген. "Айлық көтеріледі" дегенді естіген жұмысшылар жұмысқа қайта кірісті.

Тағы оқи отырыңыз: Жезқазғанда кәсіпорын жұмысшылары бас көтерді

Жалақының көтерілуін талап еткен мұнайшылардың ереуілі толастар емес

"Талаптарын мойындаймын. Оны өз қателігіміз деп түсінеміз. Айлықтарын кішкене көтереміз. 120 мың теңге болса, шамамен 150 теңгеге дейін көтереміз. Ереуілге шыққан кісілермен сөйлесіп, келісіп, сағатпен тариф мөлшерін көтеріп, қазір орнына келтіріп береміз. Ешкімді қудаламаймыз. Ондай бізде ешқашан болған да емес", - деді Кентау трансформатор зауыты АҚ басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев.