Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Енді Маңғыстау мұнайшылары көтерілді (ВИДЕО)

1 ақпанда акцияға ондаған адам жиналды. Олармен компанияның бас директоры Ерлан Сәбиев кездесті.

Енді Маңғыстау мұнайшылары көтерілді (ВИДЕО)
фото: Lada.kz

Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнайдың" жұмысшыларына жалақыны көтерген-ді. Енді Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбекақыны көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлады paryz.kz, "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.  

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Темір ауданында жұмыс істеп жүрген мұнайшылар ереуілге шыққан болатын. 25 қаңтарда Көкжиде кен орнында "КМК Мұнайдың" 100-ге жуық жұмысшысы бас көтерсе, 4 күннен кейін Башенкөлде "АМК Мұнайдың" 62 мұнайшысы көшеге шықты. Барлығы жалақыны көтеруді талап етті. Себебі орташа жалақы 60-150 мың теңгеден аспайды. Мұнайшылар президентке бейнеүндеу де жариялады.

Облыстық Еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаевтың айтуынша, "КМК Мұнайда" жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға көтеруге шешім қабылданды. Оған қоса, тарифтік разрядтарды көтереді. Осылайша, еңбек дауы шешіліп, мұнайшылар өз жұмысына кірісті.

"Ал "АМК Мұнай" компаниясында әрбір жұмысшының жалақысына 40 мың теңге қосып береді. Наурыз мейрамына қарай тағы жалақының 50 пайызын сыйақы ретінде алады. Үш айдың ішінде жалақының көлемі қаралып, жаңа келісімшартта көрсетіледі", - дейді Аманбаев.   

Айта кетейік,"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті -  Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал "АМК Мұнай" компаниясы кәріс компаниясына қызмет көрсетеді.

Ақтөбе облысында мұнайшылар мәселесі шешілгеннен кейін Маңғыстаудың мұнайшылары көшеге шықты.

Тағы оқи отырыңыз: "Жалақымыз зейнетақыдан төмен": Ақтөбе мұнайшылары президентке үндеу жолдады

Ақтөбе облысында мұнайшылар ереуілі жалғасып жатыр (ВИДЕО)

Жалақының көтерілуін талап еткен мұнайшылардың ереуілі толастар емес

Жаңаөзенде "МұнайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары жалақыны көтеруді және жұмыс тәртібін реттеуді талап етіп отыр. 1 ақпанда акцияға ондаған адам жиналды. Олармен компанияның бас директоры Ерлан Сәбиев кездесті.