Шенеуніктер "қосымша түсіндіру үшін мердігері "KM TRANCO" болып табылатын "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің бас директорымен кездесулер өткізілетінін жеткізген.
Бүгін Жезқазғанда "KM TRANCO" көлік компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақының өсуін және еңбек жағдайының жақсаруын талап етіп отыр, деп хабарлады paryz.kz.
"KM TRANCO" кәсіпорнында жұмысшылардың жалақы деңгейін өзгерту мәселелері бойынша еңбек дауы туындады. Жағдайды анықтау үшін Жезқазған қаласының әкімі жұмысшылармен кездесіп, оларға 13-ші жалақы төленетінін және жалақы қайта есептелетіндігін түсіндірді", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Сондай-ақ, шенеуніктер «қосымша түсіндіру үшін мердігері "KM TRANCO" болып табылатын "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің бас директорымен кездесулер өткізілетінін жеткізген.