Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы жұмысынан қуылды

Оқу процесі кезінде спорттық іс-шаралар өткізілуіне байланысты мектеп басшысы тәртіптік жазаға тартылған.

Волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы жұмысынан қуылды
фото: видеодан скриншот

Жарыс кезінде тәрбиеленушілерін ұрып-соққан жаңаөзендік жаттықтырушы мектептен қуылды. Бұған дейін оның мінез-құлқы видеоға түсіп, сот ісінің тақырыбына айналды, деп хабарлады paryz.kz, Lada басылымына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бастығы Ысқақ Құлатайдың айтуынша, жаттықтырушы 20 желтоқсанда мектеп директорының 3-бұйрығына сәйкес дене шынықтыру мұғалімі қызметінен босатылған. Оқу процесі кезінде спорттық іс-шаралар өткізілуіне байланысты мектеп басшысы тәртіптік жазаға тартылған.

"Әдетте мұндай іс-шаралар қалалық бөліммен келісілгеннен кейін өткізіледі. Бұл жағдайда балалар жарысқа рұқсатсыз барды. Алайда қазір карантин. Сондықтан директор өзінің тарапынан бақылаудың болмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ысқақ Құлатай.

Тағы оқи отырыңыз: Жаттықтырушы спортшы қыздың жағынан тартып жіберді (ВИДЕО)

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жаттықтырушының волейболшылардың беті мен басына қалай соққы жасайтыны бейнеленген видео тараған болатын. Кейін бұл оқиғаға Маңғыстау облысының әкімдігі мен БҒМ түсініктеме беріп, мұғалімнің өзі халықтан кешірім сұрады.