Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жаңаөзенде волейболшы қыздарды ұрған бапкер кешірім сұрады (ВИДЕО)

Кеше қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы бапкердің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеген болатын.

Жаңаөзенде волейболшы қыздарды ұрған бапкер кешірім сұрады (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Волейболдан жарыс кезінде оқушы қызға қол көтерген бапкер видеоүндеу жасап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда ол бұл қадамға қыздарды жігерлендіру үшін барғанын айтады.

"Мен интернет ресурстарына тараған қыздарды бетінен ұрғаным сияқты көрінген видеоға қатысты түсінік бергім келеді. Видеодағы қыздардың барлығы - жоғары дәреже көрсетіп жүрген Жаңаөзен командасының мүшелері. Сырттай беттен ұрған сияқты көрінген жазба негізінде олай емес. Мен қыздарды жігерлердіру үшін осындай қадамға бардым. Әрі бұл қылығым ерсі көрінгені үшін кешірім сұраймын", - дейді бапкер Азамат Тұрмағамбетов.

Кеше қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы бапкердің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеген болатын.

"Жаттықтырушы ешкімнің рұқсатынсыз балаларды алып кеткен. Жарысқа мектептің атынан бармаған. Мектеп те, қалалық білім бөлімі де білмейді. Жаңаөзен қаласында пандемияға байланысты спорт шараларына қатысуға тыйым салынған. Шараны кім ұйымдастырғанын білмеймін. Қазіргі таңда бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр", — деді Қашқынбайұлы.

Тағы оқи отырыңыз: Жаттықтырушы спортшы қыздың жағынан тартып жіберді (ВИДЕО)

Білім бөлімі басшысының айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ата-аналар әзірге полицияға арыз түсірмеген.