Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы бұл оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтты.
Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады paryz.kz, Inaktau.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жаттықтырушы Жаңаөзен командасының спортшыларына дөрекілік көрсеткен. Ол қыздардың бірін жақтан тартып жіберсе, екіншісін бастан ұрып жатыр. Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы бұл оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтты.
"Менің қызым басқа командада ойнайды. Жарыс кезінде олар Жаңаөзен командасының бапкері өз шәкірттерін қалай ұрғанын көріп, оны видеоға түсірді", - дейді спортшының анасы.
Cондай-ақ, жаттықтырушының мұның видеоға түсіріліп жатқанын байқап, ешқайда жарияламауды сұрағаны айтылады.