Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Грэммиге" Алла Пугачева да жеткен жоқ": Дінішев Imanbek туралы пікір білдірді

"Мен Иманбекті осы сыйлыққа ұсынылған сәтінен бастап білемін. Маған оның байсалдылығы мен ұстамдылығы, таланты мен батылдығы ұнады. Оның ремикс музыкасы жер шарының әр үйінде, әр ауласында естіліп тұрды..."

"Грэммиге" Алла Пугачева да жеткен жоқ": Дінішев Imanbek туралы пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Белгілі опера әншісі, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған Иманбек Зейкенов туралы пікірін білдірді, деп хабарлады paryz.kz.  

Әнші бұл туралы orda.kz тілшілеріне айтқан

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық музыкант "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды (ВИДЕО)

"Шаршама!": Димаш Құдайберген Imanbek-ті жеңісімен құттықтады

"Бұл жеңіс — өте жоғары, үздік жеңіс. Музыкадағы Grammy – кино өнер танымындағы "Оскар" сияқты, Қазақстан футбол командасының дүниежүзілік Чемпионаттағы жеңісі сияқты. Мен Иманбекті осы сыйлыққа ұсынылған сәтінен бастап білемін. Маған оның байсалдылығы мен ұстамдылығы, таланты мен батылдығы ұнады. Оның ремикс музыкасы жер шарының әр үйінде, әр ауласында естіліп тұрды. Кеңестік жүйеден кейінгі бұрынғы одақтың  еш мемлекетінде Грэмми сыйлығын жеңіп алған шоу-бизнес диджейлері болған емес. Сондықтан Иманбектің мұндай танымалдылыққа жетуіне таң қалмасқа болмас. Қол жетпес мәртебеге айналған мұндай сыйлыққа әйгілі Алла Пугачева да жеткен жоқ", - деді Әлібек Дінішев.