"Шаршама!": Димаш Құдайберген Imanbek-ті жеңісімен құттықтады

"...Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса, сендей-ақ болсын!.."

"Шаршама!": Димаш Құдайберген Imanbek-ті жеңісімен құттықтады
фото: дереккөз

Әнші Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясы үшін алған "Грэмми" (Grammy) жүлдесімен құттықтады, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса, сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың", - деді Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық музыкант Imanbek "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды (ВИДЕО)

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Оның айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.