Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

67 жастағы Сапарбаевқа вакцина салуға неге рұқсат берілген?..

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан егде жастағы адамдарға вакцинаның қарсы көрсетілімі бар екенін айтқан еді.

67 жастағы Сапарбаевқа вакцина салуға неге рұқсат берілген?..
фото: ашық дереккөз

Вице-министр Марат Шоранов Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы QazCovid-in - қазақстандық вакцинасын салуға неге рұқсат берілгендігін түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан егде жастағы адамдарға вакцинаның қарсы көрсетілімі бар екенін айтқан еді.

"Жамбыл облысының әкімі қазір 67 жаста. Өткен аптада ғана біз облыста болдық. Әкім өзін керемет, өте көңілді, бойында күш-қуаты толы секілді сезінеді. Өз міндеттерін қалтқысыз жүзеге асыруда. Біздің рұқсат бергендігімізге келер болсақ, бұл жерде клиникалық сынақтың демеушісі вакцина жасаушы компания екенін дұрыс түсінуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина көрсеткіштерін анықтамайды, сонымен бірге еріктілерді тарту кезінде, өз келісімі бойынша тиісті құжаттарды толтыру кезінде адамдар ерікті вакцинацияға және зерттеуге қатыса алады. Жалпы алғанда, зерттеуге біз ұсынған адамдар қосыла алады", - деді ол брифинг барысында.

Тағы оқи отырыңыз: Сапарбаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдады

"Қабын алуды ұмытып кеткен": Сапарбаевқа екпе салған иненің жуандығы талқылануда

"Сіздерге ашып көрсетейін": Сапарбаевқа екпе салған медбике шыр-пыр болды

Шоранов атап өткендей, жас шектеулерін қайта қарауға болады. Өйткені клиникалық зерттеулердің барысы туралы сонда көбірек ақпарат алынады.