Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Сіздерге ашып көрсетейін...": Сапарбаевқа екпе салған медбике шыр-пыр болды

"Бердібек Сапарбаевқа екпе жасайтынымды алдын ала білмедім", - дейді ол.

"Сіздерге ашып көрсетейін...": Сапарбаевқа екпе салған медбике шыр-пыр болды
фото: Жамбыл облысы әкімдігінің коллажы

"Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы екпе салдырды ма, жоқ па?" деген пікірталас әлі басылатын емес. Әлеуметтік желі белсенділері шенеунік көзбояушылық жасады деп айыптаса, бүгін оған вакцина салған медбике өз уәжін айтты, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Салған – мен. Өзім алып. Қасымда адамдар болды. Расымен егілді. Осы екі грамдық шприцті қолдандық. Сіздерге ашып көрсетейін. Екі грамдық, басы қара, иненің басы көк. Қақпағы ақ, егілген кезде мына екеуі көрінеді", - деді медбике Динара Қасымбекова.

Тағы оқи отырыңыз: "Қабын алуды ұмытып кеткен": Сапарбаевқа екпе салған иненің жуандығы талқылануда

Осылайша ол "әкім де, мен де ешкімді алдамадық" деп ант-су ішті. Әрі өзі "Бердібек Сапарбаевқа екпе жасайтынымды алдын ала білмедім" дейді.