Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Сапарбаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдады

Сондай-ақ облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

Сапарбаев та коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдады
фото: дереккөз

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын қабылдады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде егілді. Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

"Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүруде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін", – деді Бердібек Сапарбаев.

Тағы оқи отырыңыз: "Қарин бізден шыққан вакцинаны салдырды дегені - шылғи өтірік, әшейін пиар!" - Тоқтар Жақаш

Сондай-ақ облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.