10.03.2021, 20:10

Байденнің иттерін Ақ үйден қуып шықты

фото: The White House

Баспасөз хатшысының айтуынша, жәбірленушіге медициналық көмек қажет емес.

АҚШ президенті Джо Байденнің екі неміс овчаркасы Ақ үйден шығарылды. Өйткені олардың бірі агрессия көрсетті, деп хабарлады paryz.kz, "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Ақ үй Майор есімді иттің бейтаныс адамға жеңіл жарақат салғанын хабарлады.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев ерткен тазылардың кімдікі екені белгілі болды

"Иттер әлі күнге дейін жаңа ортаға, жаңа адамдарға үйреніп келеді", – деді президенттің өкілі Джен Псаки оқиғаға қатысты.

Ол мұны ит бейтаныс адамды көргенде агрессия көрсеткенімен түсіндірді. Баспасөз хатшысының айтуынша, жәбірленушіге медициналық көмек қажет емес.