Тоқаев ерткен тазылардың кімдікі екені белгілі болды

"Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тоқаев ерткен тазылардың кімдікі екені белгілі болды
фото: ашық дереккөз

8 наурызда желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болған еді. Ақорданың баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олардың 2 жаста екені анықталды, деп хабарлады paryz.kz.

"Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.