Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Орталық Американы аштық жайлады

Қазір бұл елдерде 8 миллионға жуық адам бір тілім нанға мұқтаж.

Орталық Американы аштық жайлады
фото: дереккөз

Мұндай сұмдық мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мамандар жариялады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылардың айтуынша, аштыққа аталған 4 мемлекеттегі экономикалық дағдарыс себеп. Қазір бұл елдерде 8 миллионға жуық адам бір тілім нанға мұқтаж. 2018 жылы аш-жалаңаш жандардың қатары 2 миллион 200 мыңдай болған. Сондай-ақ Гондураста былтыр қарашада екі рет дүлей дауыл соғып, үйлерді қиратып, қарапайым халық үшін жығылғанға жұдырық болды. 

Тағы оқи отырыңыз: "Қытай кедейліктен толық құтылды" - ҚХР төрағасы

"Коронавирусқа дейін де біздің жағдайымыз қиын болатын. Жұмыссыз жүрдік. Індет келген соң да одан сайын тығырыққа тірелдік. Бәрі жабылды. Коменданттық сағат жарияланды. Сөйтіп сыртқа шығып, нәпақа табудан біржола қалдық. Бізде соқыр тиын да жоқ. Балаларымыз дімкәс, аштан бұратылып жүр. Өзіміз нәр татпасақ та, барымызды балалардың аузына саламыз. Басқа елге кетейік десек, шекарадан өткізбейді", - дейді жергілікті тұрғын Марлин Розалес.

 "Зерттеуімізге сәйкес, адамдардың 15 пайызы "басқа елге көшсем ғой" деген ойдың жетегінде жүр. 2018 жылы қоныс аударғысы келетіндер қатары 8 пайыздай болған еді. Туған елінен безінуге экономикалық дағдарыс мәжбүрлеп отыр.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы биыл 2 миллион 600 мың адамға көмек беруді жоспарлап отыр. Бірақ бұл үшін бізге 46 миллион доллар қажет", - дейді БҰҰ Азық-түлік бағдарламасының Латын Америкасы бойынша директоры Мигель Баррето.