Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Никоновтың үйін кавказдықтардың қоршап алғаны рас па?

Оны сайттар да шұғыл таратты. Әсіресе, танымал тұлғалар көбірек бөлісіп жатыр.

Никоновтың үйін кавказдықтардың қоршап алғаны рас па?
Фото: ашық дереккөз

Ресей Думасы депутаттарының қазақтың жеріне қатысты сөздері үшін Тоқаев пен Путин арасында ешқандай келісім жүргізілмеген. Екеуі кездесті деген ақпараттардың бәрі фейк болып шықты, деп хабарлады paryz.kz, factcheck.kz-ке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, жақында ресейлік және қазақстандық БАҚ-та РФ Мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан аумағы - Ресейдің сыйы" деген мәлімдемесіне байланысты даулы ақпараттар жазылды. Ал 15 желтоқсаннан бастап мессенджерлерде бір шағын ақпарат белсенді түрде таратылып жатыр. Оның ішінде "Никонов отбасымен Мәскеуден эвакуацияланды. Өйткені оған бауырлас қазақ халқын қолдағысы келетін бірнеше мың кавказдық қауіп төндірді. Никоновтың Қазақстанға қатысты айтқан сөздеріне байланысты Нальчик қаласына Ішкі әскерлер мен Ресей гвардиясы кіргізіліп, балқарлар көшеге шықты. Тоқаев пен Путин келіссөздер жүргізді. Ал Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нальчиктің орталық мешітіне жеткізіліп, оны халық жылы қабылдады" деген мәтін бар.

РБК сайтына сілтеме жасап жазылған ол хабардың авторы әлі белгісіз. 

"Бұл – жалған хабар. РБК-ның шынымен де осыған ұқсас бірдеңе жазғаны, Қазақстан елшісінің Нальчикке барғаны, Никоновты эвакуациялағаны және Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің жағдайды түсіндіргені - түгел ойдан шығарылған әңгіме. Бұл хабарлама ешқандай деректермен расталмады" деп жазды factcheck.kz басылымы.

Алайда, фейк ақпаратты таратқан автордың жұмысы сәтті шықты. Оны сайттар да шұғыл таратты. Әсіресе, танымал тұлғалар көбірек бөлісіп жатыр.