Ал Мәскеуде бірнеше мыңдаған кавказдықтар Никоновтың үйін қоршап алған. Сол себепті, Дума депутаты отбасымен бірге қаладан тыс эвакуацияланған көрінеді.
Ресей депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан жеріне қатысты жасаған мәлімдемесінен кейін Ресейдің Нальчик қаласына ішкі әскерлер мен росгвардияны енгізуіне тура келді, деп хабарлады paryz.kz.
Өйткені, әлеуметтік желілерде Балқар тұрғындарының бауырлас қазақ халқының намысы үшін көшеге шыққаны айтылуда. Бейресми дереккөз кейін Нальчикте 12 адам көз жұмған деген ақпарат таратты.
Ал Мәскеуде бірнеше мыңдаған кавказдықтар Никоновтың үйін қоршап алған. Сол себепті, Дума депутаты отбасымен бірге қаладан тыс эвакуацияланған көрінеді.
Тағы оқи отырыңыз: Ресейлік тарихшы Дума депутаттарының мәлімдемесін жоққа шығарды
Путин Нальчик қаласына Ресей гвардиясының басшысы Золотов пен ІІМ басшысы Колокольцевті де жіберді. РБК басылымының хабарлауынша, сондай-ақ, Қазақстан елшісі Нальчиктен де елшілік ашуға уәде берген.
"Тұрған жерлерінің алыстығына қарамастан, балқарлардың жүрегі Ердоғанмен, Мәскеумен немесе Анкарамен бірге соқпайды. Олар - қазақтармен бірге" , - дейді журналист Алексей Венекдиков.