Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Украина президенті коронавирустан жазылып кетті

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус вакцинасын жеткізуге көмек сұраған еді.

Украина президенті коронавирустан жазылып кетті
Фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский коронавирустан жазылып шықты. Оның COVID-19 инфекциясына тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен деп хабарлады деп хабарлады paryz.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

9 қазан күні Украина президенті Владимир Зеленский мен кеңсе басшысы Андрей Ермак коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Кейінірек олар ауруханаға жатқызылды. Ал бүгін Зеленский коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткенін, қазір қалыпты режимде жұмыс істеуге көшкенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз: "Коронавирус: Зеленскийдің қайта тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті"

"Көңіл-күйім жақсы, дене қызуым 36,6. Тест теріс нәтиже көрсеткеніне қуаныштымын. Банковойдамын (Украина президенті кеңсесі орналасқан көше), жұмыс істеп жатырмыз", - деді президент өз Telegram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус вакцинасын жеткізуге көмек сұраған еді.

Тағы да оқыңыз: "Коронавирусты Зеленский де жұқтырды"

Украина басшысы елдің қазіргі уақытта COVAX халықаралық қоры аясында әзірленіп жатқан коронавирус вакцинасына қолжетімділігін кеңейту туралы өтініш білдірген.

"Біз Biontech неміс фирмасы мен америкалық Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауда қол жеткізген жетістігін құптаймыз. Бұл өте жігерлендіретін жаңалық. Мен сізден коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуді жоспарлау кезінде Украинаның мүдделерін ескеруге көмектесуіңізді сұраймын", – деген еді Владимир Зеленский.