Президенттің зайыбы Елена Зеленская шілде айында коронавирус жұқтырды.
Украина президенті Владимир Зеленский коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Әлемде COVID-19 қауіп төндірмейтін бақытты адамдар жоқ. Барлық карантиндік шараларға қарамастан менде оң нәтиже шықты. Дене қызуым 37,5, мен бәріне 36,6 тілеймін! Алайда өзімді жақсы сезінемін. Өзімді оқшаулауға уәде беремін және жұмыс істеуді жалғастырамын. Көбі COVID-19-ды еңсеріп шығады. Мен де айығамын. Бәрі жақсы болады!" – деп жазды президент Telegram арнасында.
Зеленский кеңсесінің жетекшісі Андрий Ермак та өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Президенттің зайыбы Елена Зеленская шілде айында коронавирус жұқтырды. Ол амбулаториялық түрде емделіп, кейінірек пневмония жұқтырып, ауруханада жатқызылды. Содан кейін Зеленский де екі апталық оқшауланудан өтті, одан да, балалардан да вирус анықталмады.
Еске салсақ, дүниежүзінде коронавирус індеті өршіп тұр. Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті.