Кеше Тоқаев Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Зеленскийге Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Кеше Тоқаев Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентін әуелі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың жалғасып келе жатқанына 30 жыл болғанымен құттықтады. Сондай-ақ осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның көрсетуімен астық экспорттауда Украинаның үшжақты келісімге қол жеткізгеніне де оң баға берді.

Сонымен қоса, президент Қазақстан тарапы қазір Украинада болып жатқан жағдайды тек дипломатиялық жолмен шешу қолдайтынын айтқан.

Ал, Украина президенті В.Зеленский өзінің Twitter парақшасында Қазақстан президентінің ДНР, ЛНР квазимемлекеттерін мойындамайтынына ризалығын білдірді.