Стамбул: Қара теңіздегі үш порт ашылмақ

Стамбулда 22 шілдеде Украинадан астық және өзге де азық-түлік түрлерін Қара теңіздегі украин порттары арқылы тасымалдау туралы келісімге қол қойылды деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Стамбул: Қара теңіздегі үш порт ашылмақ
ашық дерек көздерінен

Украина және Ресей өкілдері келісімнің орындалуына кепіл БҰҰ және Түркия өкілдерімен жеке келісім жасасты.

Украина жағынан келісімге инфрақұрылым министрі Александр Кубраков, Ресей жағынан қорғаныс министрі Сергей Шойгу қол қойды. Құжатта Түркия президенті Режеп Ердоған мен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің де қолы бар.

Құжатқа сәйкес, Қара теңіздегі үш украин порты: Одесса, Черноморск және Оңтүстік порттарына жол ашылуы тиіс. Ресей 24 ақпаннан бері порттар жолын жауып тастаған еді.

Екі тарап та жүк кемелері өткен кезде атысты тоқтатып, олардың кетуіне мүмкіндік беруі тиіс. Аталған бағыт миналардан да тазартылуы керек. Алайда мәселе порт акваториясын миналардан толық тазарту туралы болып отырған жоқ.