Ыстықкөлде жоқ, жоқ...

Қырғызстанның Ыстықкөл демалыс аймағында тұрғызылған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш алынып тасталған. Бұл жөнінде KaktusMedia сайты хабарлады деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Ыстықкөлде жоқ, жоқ...
ашық дерек көздерінен

Қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш "Рух Ордо" мәдени орталығында жоқ, видеолар мен фотоларға қарағанда оны бір жыл бұрын алып тастаған сияқты деп сайт дәлел ретінде бірнеше видео мен суретті көрсетеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші Ыстықкөлдегі "Рух Ордодан" алынып тасталды. Ескерткіш көлге жақын – арықтардың оң жағында орналасқан болатын. Ол 2005 жылы [Назарбаевқа] 65 жыл толуына орай тұрғызылған. "Рух-Ордоның" жаңа суреттерінде ескерткіш көрінбейді. Ескерткішті бір жылдан астам уақыт бұрын алып тастаған сияқты, себебі ол жақта былтыр демалғандардың видеосында ескерткіш жоқ" деп жазды сайт бейсенбі күні.

Қырғызстан президент әкімшілігі ақпаратқа түсініктеме бермеген.