Рамзан Қадыров «демилитаризациялау» бойынша жоспарымен бөлісті

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров НАТО елдерін «демилитаризациялау» бойынша жоспарымен бөлісті деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап.

Рамзан Қадыров «демилитаризациялау» бойынша жоспарымен бөлісті
ашық дерек көздерінен

«Біз қазірдің өзінде НАТО елдерін демилитаризациялау (қарусыздандыру-ред. ) жоспарын әзірлеп жатырмыз, Киевті басып алғаннан кейін бірінші кезекте Польша тұр» деп жазды Қадыров Telegram-да.

 

Еске салсақ, наурыз айының ортасында Қадыров «Полярлы әлемнің күйреуі» атты мақаласын жариялаған. Онда ол Ресейдің Украинадағы әскери операциясын бастау себептерін талқылаған. 

Сондай-ақ, Шешенстан басшысы маусым айының соңында «Варшаваны, Польшаны, Румынияны аламын» деп қорқытқан болатын.