Тегеранда Путин Иран және Түркия басшыларымен кездесті

Ресей басшысы Владимир Путин 19 шілдеде Украинада соғыс басталғалы бері алғаш рет алыс елге сапарлады деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Тегеранда Путин Иран және Түркия басшыларымен кездесті
ашық дерек көздерінен

Ол Иранға барып, президент Ибрахим Раиси, елдің рухани көсемі Әли Хаменеи және Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен кездесті.

Путиннің сапары Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөзі аясында өткен. Ресей мен Иран Сириядағы авторитар президент Башар Асад жетекшілік ететін орталық билікті қолдайды. Ал Түркия елдің солтүстігіндегі қарулы оппозицияға дем береді. Алайда келіссөзде Украинадағы соғыс мәселесі де талқыланды.