Байлар да жылайды

Ресейдің төрт олигархы — Әлішер Усманов, Роман Абрамович, Михаил Фридман және Петр Авен — Еуропа одағы салған санкцияны алып тастауды сұрап, Еуропа сотына арызданды деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq  сілтеме жасап.

Байлар да жылайды
ашық дерек көздерінен

Бұл жөнінде хабар таратқан Wall Street Journal әрбір олигархтың жеке-жеке арыз түсіргенін атап өткен. 
 
The Wall Street Journal Әлішер Усманов арызының сотта тезірек қаралғанын қалайтынын айтады. Усманов мұны өз компаниясының санкцияға байланысты бірнеше келісімшарты үзілгенін, соның нәтижесінде банкрот алдында тұрғанымен түсіндірген. Бірақ өткен айда сот Усмановтың өтінішін қанағаттандырмаған.