Тергеушілер қылмыскер мұғалімді "Шарли Эбдо" журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген деп отыр.
Қамауға алынғандардың арасында қылмыскердің ата-анасы мен атасы және бауыры бар, деп хабарлады paryz.kz.
Еске сала кетсек, өткен жұма күні Париж маңындағы Конфланс-Сен-Оноринде 47 жастағы тарих пәні мұғалімінің басы кесіліп, марқұмның суреті Twitter-де жарияланған еді. Тергеушілер қылмыскер мұғалімді "Шарли Эбдо" журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген деп отыр. Себебі, оқиға әлеуметтік желіде тез тараған. Салдарынан оқытушыға қоқан-лоққы жасайтындар көбейген.
Кейін айуандық істі Мәскеуде туып-өскен Абдулак Анзор есімді 18 жастағы жеткіншек жасағаны белгілі болды. Ол ұстау барысында қаза тапты.
Ал осы мән-жайға қатысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-арнасында пікір білдіріп, оқиғаға тұтас шешен халқының ешқандай қатысы жоқ екенін айтты және бұл Франция өзінің барлық проблемаларын шешендердің мойнына жүктеуге тырысып отырған бірінші жағдай емес деп шағымданды.