Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын көрсеткен мұғалім басынан айрылды

Қылмыс куәгерлері шабуылдаушының "Аллаһу акбар!" деп айқайлағанын айтты.

Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын көрсеткен мұғалім басынан айрылды
фото: euronews.com

Париж қаласының маңында жергілікті тұрғын сыныпта сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткен тарих пәнінің мұғалімі П. Сэмюэлдің басын кесіп алды, деп хабарлады paryz.kz, БАҚ деректерін негізге ала отырып.

Оқиға кеше түстен кейін болған. Қылмыс нұсқаларының біріне сәйкес, оқушылардың бірінің әкесі дәл көшеде мұғалімге ас үй пышағымен шабуылдаған. Шетелдік БАҚ қылмыскер 18 жастағы шешен болған деп мәлімдеді. The Guardian басылымының жазуынша, ол Мәскеудің тумасы көрінеді.

Қылмыс куәгерлері шабуылдаушының "Аллаһу акбар!" деп айқайлағанын айтты. Қаскүнем пышақпен шамамен 600 метр жүріп өткен, содан кейін полиция патрульі оны байқап, атып өлтірген.

Алайда, Le Parisien басылымының нұсқасы бойынша, кісі өлтіруші қылмыстан кейін Парижге жақын маңдағы Эраньи-сюр-Уазға барған. Полицейлер оны сол кезде көріп, өз еркімен берілуді сұраған. Жауап ретінде қаскөй қалтасынан тапанша шығарған да, полиция оған қарсы он шақты рет оқ атқан.

Сондай-ақ, полицейлер өлтірмес бұрын қаскүнем өз әрекетін түсірген видеоны интернетке жариялады деген болжамдар айтылуда. Істі терроризмге қарсы бөлім тергеп жатыр.