Тікелей эфир кезінде Жириновскийдің шалбары шешіліп қалды (ВИДЕО)

"Не айтып тұрғанын ұмытып қалды...". 

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, Ресей либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) көшбасшысы Владимир Жириновский тікелей эфирдегі пікірсайыс кезінде ұятқа қалды деп хабарлайды Paryz.kz

Оқыс оқиға федералдық ТВЦ арнасы ұйымдастырған тікелей эфир кезінде болған. Сайлауалды дебат жүріп жатқанда, екілене сөйлеп тұрған саясаткердің ышқыры босап, шалбары шешіліп кеткен.

Оқи отырыңыз: Ресейде мемлекеттік Дума сайлауы басталды

Коммунистерді оңдырмай сынап тұрған саясаткер шалбары шешіліп, не айтып тұрғанын ұмытып қалды, - деп жазады Telegram-дағы ресейлік Москвач саяси-ақпараттық парақшасы.

Еске сала кетсек, 17-19 қыркүйек аралығында РФ Мемлекеттік Думасының VIII шақырылымына сайлау өтіп жатыр.