Оның айтуынша, Ресей ұйым алдында тұрған негізгі міндеттерді алыстан болса да талқылауға мүдделі.
Ресей президенті Владимир Путин неге оқшаулау режимін сақтауға шешім қабылдағанын мәлімдеді деп хабарлайды Paryz.kz.
РИА Новости мәліметіне қарағанда, Душанбеде өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Ресей президенті видеобайланыс арқылы сөз сөйлеген.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан қорыққан Путин өзін-өзі оқшаулады
Өкінішке қарай, Душанбеге сапарымды соңғы сәтте тоқтатуға тура келді. Кешіріңіз, бірақ бұл өздеріңіз білетіндей, коронавирус жағдайларына байланысты. Бәрі жақын арада анықталды. Бұл бір емес, екі емес – бірнеше ондаған адам. Енді біз бірнеше күн бойы оқшаулану режимін сақтауымыз керек, – деді Владимир Путин.
Оның айтуынша, Ресей ұйым алдында тұрған негізгі міндеттерді алыстан болса да талқылауға мүдделі.