Айта кетейік, Владимир Путин көктемде "Спутник V" вакцинасын салдырған.
Ресей президенті Владимир Путин жан-жағындағы адамдардан коронавирус анықталып жатқан соң, өз-өзін оқшаулауға көшті деп хабарлайды Paryz.kz.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефонмен сөйлесу барысында мәлімдеген. Путиннің нақты қанша уақыт карантинде болатыны белгісіз.
Осыны ескере отырып, Ресей президенті осы аптада Душанбеде жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына бейнеконференция арқылы қатысады, - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин паралимпиадашылармен кездесу барысында өз ортасында көптеген адам коронавирус жұқтырғанын айтқан еді. Ол жақын арада өзі де өз-өзін оқшаулау режиміне көшуі мүмкін екенін еске салған болатын.
Айта кетейік, Владимир Путин көктемде "Спутник V" вакцинасын салдырған.