Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тәліптер Ауғанстанды толық басқаруға алғанын мәлімдеді

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

Тәліптер Ауғанстанды толық басқаруға алғанын мәлімдеді
фото: Reuters

Тәліптер Ауғанстанды толық басқаруға алғанын мәлімдеді. Тек елдегі оппозицияны біріктіріп отырған ұлттық қарсылық күштері ғана көнбей отыр деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна дерегінше, тәліптер елдің барлық түкіпірінде тәртіп орнататындарына сенімді. Дегенмен олардың ойы қаншалықты іске асады, ол әлі белгісіз. Өйткені көп ел тәліп билігін мойындағысы жоқ. Бүгін Франция тарапы тағы да тәліптердің бірқатар шетелдік пен ауған азаматтарын елден шығармай отырғандығына наразылығын білдірді.

Тағы оқи отырыңыз: Ауғанстан сарайына жайғасқан тәліптер оның салтанатына таңғалып жүр (ВИДЕО)

Ауғанстанда соғыс аяқталғаны хабарланды

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті.

"Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды. Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді. 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.