Ауғанстан сарайына жайғасқан тәліптер оның салтанатына таңғалып жүр (ВИДЕО)

 New York Times жариялаған видеода олар сарай ішін аралап, мұндай салтанат олар үшін таңсық екенін айтты. 

Ауғанстан сарайына жайғасқан тәліптер оның салтанатына таңғалып жүр (ВИДЕО)
фото: vesti.ru

Жүз елуге жуық тәліп* Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті генерал Абдул-Рашид Дустумның сарайына жайғасты деп хабарлады Sputnik Қазақстан, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Тау арасында тұрып келген тәлібтерді сарай салтанаты таңғалдырды. New York Times жариялаған видеода олар сарай ішін аралап, мұндай салтанат олар үшін таңсық екенін айтты. 

Мынау жүзуге болатын бассейн. Қалада тұрсам да, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын, - дейді  "Талибан" өкілі Джавад Абузар.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәлібтер Кабулды басып алды. 16 тамызда өздерінің жеңісі мен 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы жариялады.

* - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.