құрылтай

image
Қоғам
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы өскелең ұрпақты отаншылдыққа жетелейді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет», – деген болатын. Президенттің тапсырмасы аясында биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңіруге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізген еді. Осы бағдарламаның Шымкент қаласында орындалу барысын қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде баяндады, деп хабарлайды Paryz.kz.