Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Ол аталған айыптың жала екенін алға тартты.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын», - деп жазды боксшы әлеуметтік желі парақшасында.
Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады.