Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Танымал боксшы қызды зорлады ма? Полиция жауабы

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz, Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Танымал боксшы қызды зорлады ма? Полиция жауабы
khabar.kz

Ал Алматы қалалық полиция департаменті агенттік тілшісінің сауалына орай, айыпталушының жеке басына қатысты ақпарат берген жоқ. 

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомство ұсынған хабарламада. 

Айта кетейік, 33 жастағы Жаңқош Тұраров - кәсіби боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы. 

28 қыркүйекте Алматыда өтетін AllStarsBoxing кешінде Жаңқош Тұраров IBO WORLD және WBA WORLD GOLD әлем титулдарын қорғайтыны жоспарланған.