Әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алу үшін спортшы үндістандық боксшысы Дипакпен кездесу өткізеді.
2020 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады. Ол алғашқы кездесуінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңген болатын деп хабарлайды Paryz.kz, Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Бибосынов өзбекстандық боксшыны жеңіп, көпті таңғалдырған болатын.
Оқи отырыңыз: Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңіп кетті
Мен бұл чемпионатқа тыңғылықты дайындалдым. Бәріңіз білесіздер, мен Олимпиададағы қола медаль үшін "есеп айырысқым келеді". Мұнда алтын алу үшін келдім. Жаттықтырушыларға алғысым шексіз. Олардың берген нұсқаулары жеңіске жетуге көмегін тигізді, - деді Бибосынов жекпе-жектен кейін.
Әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алу үшін спортшы үндістандық боксшысы Дипакпен кездесу өткізеді. Жекпе-жек 1 қарашада болады.