Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.

Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионын жеңіп кетті
фото: ашық дереккөз

Белградтағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбой Досматовты тізе бүктіріп, сенсация жасады деп хабарлайды Paryz.kzVesti.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы қазақстандық боксшы мен 28 жастағы өзбекстандықтың жекпе-жегі 26 қазан күні өтті. Олар 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Жерлесіміз кездесуді ұпай бойынша жеңіп шықты.

Бибосынов келесі қезеңде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен басым түскен Үндістан боксшысы Дипакпен ұшырасады.

Айта кетейік, бұған дейін турнирде Серік Теміржанов (57 келіге дейін) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) өнер көрсеткен еді