Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ақтөбе әкімі туған күніне видео жолдаған африкалық жігіттерге қатысты пікір білдірді

Ол бұл құттықтауды көрген, бірақ өзіне ұнамағанын айтты.

Ақтөбе әкімі туған күніне видео жолдаған африкалық жігіттерге қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Африка жігіттері Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың туған күніне құттықтау жолдаған болатын. Өңір басшысы осыған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде таралып кеткен бұл бейнероликті кім жасағаны немесе оған кім тапсырыс бергені белгісіз. Белгілісі, кеше, яғни қазанның 3-інде қала әкімі Асхат Шахаров 43 жасқа толған. Ол бұл құттықтауды көрген, бірақ өзіне ұнамағанын айтты. Тіпті заңгерлерге жүгініпті.

Оқи отырыңыз: "Әкім Африкада да әкім": Бір топ афроамерикалық Өскемен басшысын мақтады (ВИДЕО)

Әрине, бұл жерде әзіл бар. Бірақ саяси қызметкер болсын, жай мемлекеттік қызметкер болсын осындай жағдайға тап болып, күлкіге қалуы мүмкін. Сол себепті, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік осындай кезде қалай әрекет ету керек екенін шешуі тиіс. Шын мәнінде егер бұл жерде абыройыма нұқсан келген болса, оны заңгерлер анықтап жатыр, тиісті органдарға немесе сотқа жүгінуге мәжбүрмін, – дейді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.