"Әкім Африкада да әкім": Бір топ афроамерикалық Өскемен басшысын мақтады (ВИДЕО)

Тіпті біреуі әкімнің суретін ұстап тұрып, сүйіп те алады.

"Әкім Африкада да әкім": Бір топ афроамерикалық Өскемен басшысын мақтады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бір топ афроамерикалықтың Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды мақтаған видео тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап.

Видеода 9 қаранәсілді ер адам "Жақсылық Омар — ең күшті әкім" деп айтады да, билей жөнеледі. Тіпті біреуі әкімнің суретін ұстап тұрып, сүйіп те алады.

Осыған қатысты қала әкімінің Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовпен хабарласқан едік.

Видеоны көрдік. Менің білуімше, осындай Африкадан "ерекше" құттықтауларды істейтін арнайы ұйымдастырушылар бар. Кез-келген адам өзінің досына, туысына осындай видео жолдай алады. Біздің әкім қалада өте танымал. Сондықтан басқа адамдар оның образын пайдаланып, өзіне жарнама жасағысы келген, — деді кеңесші.