Әли Оқапов, Диас Аблаевтың қатысуымен өткен тойды арнайы топ тексеріп жатыр (ВИДЕО)

Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады.

Әли Оқапов, Диас Аблаевтың қатысуымен өткен тойды арнайы топ тексеріп жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.

Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.

"Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевтің тойдағы видеосы тексерілген болатын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған.