12.04.2021, 11:32

46 жасында үшінші рет ана атанған Айгүл Мүкейді перзентханадан дүркіретіп шығарып алды (ВИДЕО)

Дереккөз: Instagram/aigulmukei

Танымал тележүргізушіні перзентханадан алып шығуға Динара Сәтжан, Ләйлә Сұлтанқызы сияқты әріптестері де барған.

Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей жақында 46 жасында үшінші рет ана атанған еді. Танымал диктор енді перзантханадан шығып, отбасымен қауышқан сәтін Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлады Paryz.kz.

Танымал тележүргізушіні перзентханадан алып шығуға Динара Сәтжан, Ләйлә Сұлтанқызы сияқты әріптестері де барған. Диктордың өзі жүктеген видеодан оны перзентханадан дүркіретіп алып шығарғанын көруге болады.

"Ұлымыз екеуіміз аман-есен шықтық! Баршаңыздың тілектеріңізді оқып қуанып жатырмын. Үлкен рахмет!", - деп жазған ол.

Сондай-ақ ол кенжесін қызы Хабибамен таныстырған сәтін де парақшасына салған.

Ол онда: "Айналайын балапандарым" деп жазған.

Желі қолданушылары тележүргізуші мен оның отбасына жылы тілектерін жаудырған. Олар:

"Аман болыңыздар", "Бөпенің бауы берік болсын", "Сіздерге тек жақсылық тілеймін", "Батырларыңыз бен қызыңыз аман болсын" - деген тілектерін жаудырып жатыр.