07.05.2024, 18:02

«Қайда екенін білмеймін, бірге тұрмаймыз»: Мақпал Исабекова күйеуі туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады

фото: әлеуметтік желіден

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, күйеуі жайлы ел күтпеген мәлімдеме жасады. Өнер иесі бүгінде жолдасымен бірге тұрмайтынын айтты, деп жазады Paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақпал Исабекова Instagram желісінде өзіне жолданған сұрақтардың көбісі күйеуі жайлы екенін айтты. Әнші өзіне жолдасын көрсетпей кеткенін жарыса жазғандарға шүйлігіп, былай деп жауап берді: "Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес.

"Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма? Жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім", - деп ашуланды әртіс. Сонымен қатар Исабекова бүгінде күйеуі қайда екенін білмейтінін айтып қалды.