Алексей Цой жұлдыздардың қатысуымен өткен тойға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұған дейін мерекенің шамамен осыдан бір ай бұрын өткенін, ал Айдана Меденованың баспасөз хатшысы видеоның ескі екенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев және әнші Айдана Меденованың карантин уақытында тойға қатысқаны жайлы видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Танымал әртістердің іс-шараға (тойға) қатысуына келетін болсақ, бұл іс-шараның биыл өткізілмегені туралы ақпарат белгілі болды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте.

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұған дейін мерекенің шамамен осыдан бір ай бұрын өткенін, ал Айдана Меденованың баспасөз хатшысы видеоның ескі екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өткен тойдың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнежазбадан бұл басқосудың үйлену тойы екенін көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында танымал әншілерден Роза Рымбаеваны, «МузАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев және «КешYOU» тобының экс-солисі Айдана Меденова бар.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қазір бұл факті зерттеліп жатқанын айтты.