07.04.2021, 09:46

"Батыр келді": Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей 46 жасында ұлды болды

Дереккөз: novoetv.kz

Тележүргізушінің айтуынша ол кеше түскі сағат 12-лерде босанған.

Танымал тележүргізуші, диктор Айгүл Мүкей 46 жасында ұлды болды. Ол бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Paryz.kz.

Тележүргізушінің айтуынша ол кеше түскі сағат 12-лерде босанған.

"Ұлды болдым. Аллаға шүкір! Бүгін сағат 12.19 дүниеге тағы бір Батыр келді... Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты... Әлі өз-өзіме келе алмай жатырмын... Сіздерге де, жылы сөздердіңіз, лебіздеріңіз үшін көп рахмет, достар... Аллах разы болсын!",-деп жазды ол.

Желі қолданушылары тележүргізушіні қуанышты күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудыруда. Олар:

"Бауы берік болсын", "Жарайсыз", "Батырдың ғұмыр-жасы ұзақ болсын" деген тілектерін жазып жатыр.