Сондай-ақ Нұртастар әулетінде болған жаңа туған сәбидің қуанышын атап өту кешінде де Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеген...
Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кеткен бе? Желіде жұрт "қос жұлдыздың" қарым-қатынасын қызу талқылап жатыр, деп жазды paryz.kz.
Желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздың соңғы уақыттары бірге уақыт өткізбейтіндерін, тіпті бір-бірінің аккаунттарын өшіріп тастағандарын байқап қойыпты. Сондай-ақ Нұртастар әулетінде болған жаңа туған сәбидің қуанышын атап өту кешінде де Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеген көрінеді. Оның Қайрат Нұртасты ғана емес, енесі Гүлзира Айдарбекованы да "банға жібергені" белгілі болды.
"Қайрат Жұлдыз екеуіңді халық бірге көргісі келеді. Бақытты отбасы болыңдар!", "Жұлдыз көрінбейді, шілдеханада тоже болмады", "Ажырасып кетті дейді. Рас па екен?", "Жұлдыз жоқ қой, ол анасын киіндірумен әлек" деп жазды желі оқырмандары.
Тағы оқи отырыңыз: "Ұлымыз ер, қызымыз қыз құшақтап келсе, не істейміз?" - Жұлдыз Әбдікәрімова
Десе де, Қайрат та, Жұлдыз да бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірмеген.