Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Ұлымыз ер, қызымыз қыз құшақтап келсе, не істейміз?" - Жұлдыз Әбдікәрімова

"Біз қай кезде сырттан қорған іздеп едік?! Бізді қай кезде сырттан кім қорғаған еді?! «Сені қорғаймын» дегенге сеніп, жат идеологияның құрбаны боп кетпейік!" - дейді ол.

"Ұлымыз ер, қызымыз қыз құшақтап келсе, не істейміз?" - Жұлдыз Әбдікәрімова
фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасына Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысты өз ойын айтты. Ол аталмыш наразылық шарасын және оны қолдаған адамдарды түсінбейтінін жеткізді, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жұлдыз Әбдікәрімова әйелдің қорланатын емес, қорғалатын жан екенімен толықтай келіседі. Алайда, ол мұндай шеруге шықпай тұрып, алдымен ойлануға кеңес берді.

Тағы оқи отырыңыз: "Кейбір әйел феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды" - Ләйлә Сұлтанқызы

Феминистік шеруге қатысқан белсенді қоқан-лоққыға тап болған

"Қой терісін жамылған қасқырдың жемтігі боп қалмайық. Кішкентай кезде бізді біреу ренжітсе, ағамызға не әкемізге айтатынбыз. Себебі олардың бізге қорған екенін білдік. Нағашымызға "арқалашы, көтерші" деп еркелеп өстік. Себебі еркелете алатынына сендік. Бойжете келе сөз салған сүйіктімізге "иә" деп, отбасын құруға келісім бердік. Себебі одан болашақ отағасын көрдік. Ал уақыт өте пайда болатын отбасы ішіндегі түсініспеушілік ер мен әйелдің екеуара мәселесі-мәмілесі еді. Екеуінің ықтиярлығымен бір шешімге келетін тек екеудің әңгімесі. Ал шектен шыққан жағдайда заң бар, құқық бар. Үндесе де, үндемесе де, ол да өз таңдауы. Кешегі шеруді және сол шеруді қолдаған қоғамдық ой қалыптастырушыларды түсінбедім, түсінбеймін де. Біз қай кезде сырттан қорған іздеп едік?! Бізді қай кезде сырттан кім қорғаған еді?! "Сені қорғаймын" дегенге сеніп, жат идеологияның құрбаны боп кетпейік! Иә, әйел - мазақ болатын емес, мадақ қылатын жан! Иә, әйел - қорланатын емес, қорғалатын жан! Бірақ біз шеруге шықпай тұрып, досымыз бен дұшпанымызды ажыратуымыз керек. Егер алда-жалда ұлымыз келін емес, ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе, біз не істейміз, сіз не істейсіз?" - деп ағынан жарылды Жұлдыз Әбдікәрімова.